69 жастағы Тараз тұрғынынан коронавирус анықталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында коронавирус дертін жұқтырған жаңа жағдайға қатысты мәлімет жарияланды.</h4>

 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  3 Сәуір 2020 2020, 02:33
3 Сәуір 2020 2020, 02:33
2973

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында коронавирус дертін жұқтырған жаңа жағдайға қатысты мәлімет жарияланды.

2 сәуірде Жамбыл облысында коронавирустың алтыншы дерегі тіркелді. Науқас Тараз қаласының 69 жасар тұрғыны болып табылады. Ол ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ауру адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған. Бұған дейін вирус анықталған 41 жастағы азамат оның жақын туысы болып келеді.

Одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, қажетті ем алуда.


Наверх