Берлин тұрғыны 66 жасында 10-шы баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Bild басылымының мәліметіне сәйкес, Александра Хильдебрандт – «Чарли» Берлин қабырғасы музейінің директоры. Өткен аптада оның оныншы баласы Филипп дүниеге есігін ашты.
Сәбидің салмағы – 3550 грамм, ал бойы – 50 сантиметрді құраған. Әйел адам сегіз баласын кесір тілігінің көмегімен дүниеге әкелген. Дәрігерлер бұл өте сирек кездесетін құбылыс деп отыр.
Александра алғаш рет 21 жасында ана атанған. Сегіз баласы 53 жастан кейін туылған. Қазіргі уақытта ол 12 жастағы егіздер Элизабет пен Максимилианды, 10 жастағы Александраны, 8 жастағы Леопольдты, 7 жастағы Аннаны, 4 жастағы Мария мен 2 жастағы Катаринаны тәрбиелеп отыр. Әйелдің үлкен балалары 45 жастағы Светлана – дәрігер, ал 36 жастағы Артем дипломат.
Александра Хильдебрандт отбасында балаларының жиналғанын асыға күтетінін айтты.
Дәрігерлер жасына қарамастан Хильдебрандттың денсаулығы жақсы дейді.