Ішкі істер министрлігі көші-қонды бақылау жұмыстарының жартыжылдық қорытындысын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 47 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Алты мың шетелдік республика аумағынан шығарылды. Олар енді бес жыл бойы елге кіре алмайды.
6,5 мың шетелдіктің елде болу мерзімі қысқартылып, елден шығуы қамтамасыз етілді.
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін екі мың жұмыс берушіге айыппұл салынды.
Тұрақты тұратын шетелдіктер арасында екі мың заң бұзушы анықталып, олардың елде тұруға ықтиярхаты күшін жойды.