Бұл жолы киножобаға 200-ден астам түрлі жанрдағы филмдер ұсынылып, оның тек 62-і таңдаулы деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген бәйгеде 18 толық метражды, 19 деректі, 17 қысқа метражды және 8 анимациялық фильм таңдалды.
Мемлекеттен қаржылай қолдау тапқан фильмдер енді түсірілімге кіріседі. мамандар, отандық киноиндустрияда фильмдердің санымен қатар сапасы да артқанын айтады.
Біздің талабымыз бойынша, мына қысқа метражды фильмдер биылғы жыл соңына дейін түсіріліп біту керек. Ал үлкен 1,5-5 са,аттық фильмдерді келесі жылдың аяғына дейін тапсыруы керек. СкЛ: былай айтсақ, 2023-2024 жылдары біздің қоржынымызда 62 фильмді көрерменге жолдаймыз,- Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бас продюсері Адай Әбелдинов.
Кино сарапшылар, жас кинематографистердің сан түрлі жанрлық фильмдер түсіруге деген құлшынысы ерекше дейді. Көркем суреттік киноларда драма жанрына басымдық берілген. Шытырман оқиғалы фильмдер де көрініс таппақ. Ал, кинотанушы Назира Рахманқызы – тарихи тұлға туралы жазатын сценарий авторларына назын айтты. Айтуынша, басты кейіпкердің бейнесін толық аша алмайды. Биографиялық фильмдерді түсіруге үлкен дайындықпен келу қажет, дейді.
Ол жобалардың ішінде қазақтың белгілі тұлғалары туралы тарихи биографиялық фильмдерде болды. Бірақ бұл жобалардың көпшілігіне тән кемшілік бар. Онда негізгі кейіпкер жоқ. Тарихи тұлғаның бейнесі қалған кейіпкерлердің бейнесінің қасында көмескіленіп қалады. Жалпы біздің сценаристер осы мәселені қозғағанда , тарихи биографиялық жанрды қозғағанда осы мәселеге мән берсек дейміз. Себебі белгілі тұлғаларды ел біледі, тарихта қалған. Сондықтан мұндай тақырыптарға үлкен дайындықпен келген дұрыс деп ойлаймын,- дейді кинотанушы Назира Рахманқызы.
Сарапшылар, бұрынғыдай көп қаражат сұрайтын үлкен, монументалды жобалардың азайғанын айтады. Мемлекеттен киноөндіріске бөлінетін қаржының бір бөлігі киноны ілгерілетуге бағытталады.