Биылғы жылдың алғашқы алты айында жалдамалы тұрғын үй қоры 515 пәтермен толықты. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, соңғы алты жылда табысы төмен 77 мыңнан астам отбасы жалдамалы пәтерге ие болған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ арнасына сілтеме жасап.
2019 жылдан бері "Отбасы банк" арқылы баспанаға мұқтаж 22 мыңнан астам азаматқа 2%-дық жеңілдетілген ипотека берілді. Тағы 58 мыңнан астамы 5%-дық мөлшерлемемен үй алған. 2025 жылдың алғашқы жартысында 1 245 қазақстандық 2%-дық, ал 1 900-ге жуық адам 5%-дық ипотека рәсімдеген.
Соңғы алты жылда тұрғын үй құрылысына 15,4 трлн теңге инвестиция салынса, биылғы жартыжылдықта бұл көрсеткіш 1,5 трлн теңгені құрады.