6 млн теңгеге дейін: Қазақстанда оқушылар мен ұстаздарға сыйақы беріледі

Өткен аптада осы тапсырманы іске асыру мақсатында арнайы бұйрық бекітілген.

 BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 10:45
Бүгiн 2026, 10:45
214
Фото: BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда халықаралық ғылыми жоба жарыстарында жүлде алған оқушылар мен олардың ұстаздарына бір реттік сыйақы тағайындалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл бастама Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырма аясында жүзеге асырылып отыр.

Баршаңызға белгілі, биыл Мемлекет басшысы халықаралық ғылыми жоба жарыстарында І, ІІ, ІІІ орын иеленген жеңімпаз оқушыларға және оларды дайындаған ұстаздарға бір реттік сыйақы тағайындау туралы тапсырма берген болатын, – деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Өткен аптада осы тапсырманы іске асыру мақсатында арнайы бұйрық бекітілген.

Биылдан бастап халықаралық ғылыми жоба жарыстарында І, ІІ, ІІІ орын алған оқушыларымыз 2 миллионнан 6 миллион теңгеге дейін бір реттік сыйақымен марапатталады, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сонымен қатар, жеңімпаздарды дайындаған педагогтер да назардан тыс қалмайды.

Оларды дайындаған білікті ұстаздарға да өздерінің базалық айлығына байланысты 18,5 есе және 8,5 есе көлемінде бір реттік сыйақы беріледі, – деп нақтылады министр.

Министр бұл шешім білім мен еңбекті әділ бағалаудың нақты көрінісі екенін атап өтті.

Бұл – білім мен еңбекті нақты бағалаудың жарқын дәлелі. Сонымен бірге дарынды оқушыларымыз бен оларды дайындайтын педагогтарды мемлекет тарапынан қолдаудың маңызды қадамы, – деді ол.

Наверх