Қазақстанның соңғы жаңалықтары

“6 миллионды 85-ке бөлесіз”: Шенеунік көлік алғысы келіп жүргендерге кеңес берді

Олжас АДАЙ
27 Мамыр 2025, 11:52
11799
Бөлісу:
 үкімет/скриншот
Фото: үкімет/скриншот

Қазақстанда ең арзан отандық көлік шамамен 6 млн теңге тұрады. Ал 85 мың теңге айлық алатын азамат оны алу үшін қанша уақыт ақша жинауы керек? Өнеркәсіп комитетінің басшысы Азамат Панбаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Журналист үкімет отырысынан соң өткен брифингте ведомство өкіліне "85 мың теңге айлық алатын қазақстандық ең арзан отандық көлікті алу үшін қанша уақыт жұмыс істеуі керек?" деп сұрақ қойды.

Қазақстанда автокөлік өндірісімен 8 кешен айналысады. Оның екеуі жеңіл автокөлік өндірісіне бағдарланған. Былтыр кешендердің өндіріс көлемі 134 мыңға жетті. Ең төменгі бағадағы автокөліктің құны 6 миллионға жуық, қателеспесем, - дейді ол.

Журналист "автокөлікті алу үшін қазақстандық қанша уақыт ақша жинау қажет" деп сұрақ қойды.

Ол сұрақ біздің құзіретінмізде емес. Бірақ математикалық тұрғыдан алсаңыз 6 миллион теңгені 85-ке бөлесіз ғой, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы