Биыл 6 айда елімізге шетелден 161 мыңнан астам көлік жеткізілген. Алайда импортталған автомобильдер саны өткен жылы бұдан 20 мыңға көп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, биыл әкелінген 135 мың авто жеңіл көлік болса, 23 мыңға жуығы жүк көлігі мен арнайы техника. Бұдан бөлек, кедендік төлемдер мен салықтан босатылған 2 862 автомобиль бар. Ал бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті құны 2 млрд долларға жететін 94 мыңға жуық автокөлік әкелінгенін айтқан. Одан бюджетке 260 млрд теңге кедендік төлем мен салық түсті.