6 адам табиғи газдан уланды

18 Қазан 2022, 18:50
1638
Бөлісу:
6 адам табиғи газдан уланды

Атырау облысында бір отбасы табиғи газға уланды. Бір адамды құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Оқыс жағдай қалаға аумағындағы Мерей өткелі мекен-жайындағы тұрғын-үйлердің бірінде өткен демалыс күні болған. Төтеншеліктерге хабар күндіз сағат 11:35 шамасында түскен. 

Табиғи газ жылу пешінен шыққан. Түтін шығатын мұржа бітеліп қалғасын, пештен түні бойы газ шыққан екен. 5 адам тесерістен өтті, жағдайлары жақсы. Ал бір адамның қайтыс болу себебі табиғи газдан улан болып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтарын баспанада өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз. Әр жыл сайын жылыту маусымы басталмас бұрын кез-келген тұрғын жауапкершілік танытып, өзінің үйіндегі жылу беру жүйелерін толық тексеру қажет. Техникалық куәландырудан өткізу керек. Осы ережелерді сақтау, оқыс жағдайлардың алдын алуға көмектеседі,- дейді Қалалық ТЖБ бас маманы Ерлан Файзуллаев. 

Өткен жылы облыста дәл осындай 7 жағдай тіркелген. Ал биылғы жыл басынан бері мұндай оқыс жағдайлар саны әлдеқайда артып,  9 факті анықталған. 

Мамандардың айтуынша өттің басым бөлігі тозығы жеткен тұрғын-үйлерден шығады. Тоқ жүйелері ескірген баспанада қауіп көп. Қосымша жылыту пештерін пайдаланғанда да қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаған абзал. Төтеншеліктер ондай құрылғыларды сатып алған кезде сертификатын талап еткен жөн дейді.

Өзгелердің жаңалығы