Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі қолданыстағы Конституцияда 56-баптың 1-тармағының 1-тармақшасында Парламент мәжілісі «Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарауға» міндетті болатын.
Енді жаңа жоба бойынша Парламент мәжілісі «Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдауға» ғана міндетті болады.
Екінші өзгеріске ұсынылған 56-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы. Анығы – тармақша толықтырылды. Бұған дейін 56-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы арқылы Парламент мәжілісі «Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлауға» міндетті болса, енді бұған «Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау» міндеті қоса жүктелді.