"500 есе алып жарылыс болады". NASA 2032 жылы Жерге астероид құлауы мүмкін екенін ескертті

18 Ақпан 2025, 18:05
325
Бөлісу:
"500 есе алып жарылыс болады". NASA 2032 жылы Жерге астероид құлауы мүмкін екенін ескертті
Фото: ЖИ

Әйгілі астрофизик Нил Деграсс Тайсон 2032 жылдың 22 желтоқсанында Жерге аса қуатты астероид соғылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі New York Post сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, "2024 YR4" деп аталған алып ғарыш денесінің қуаты тұтас қалаларды жоюға жетуі ықтимал.

NASA деректеріне сәйкес, бұл астероид алғаш рет 2024 жылдың соңында қауіпті нысан ретінде тіркелген. Бастапқыда оның Жерге соғылу ықтималдығы төмен болды, кейін есептеулер көрсеткендей, қазіргі кезде соқтығысу ықтималдығы 2,3%-ға жетті. Бұл – бастапқы көрсеткіштен екі есе жоғары.

Қандай қауіп бар?

NASA мәліметінше, 2024 YR4 астероидының диаметрі шамамен 40-90 метр. Егер ол Жерге соғылса, оның жарылысы 7,7 мегатонна тротилге тең болмақ. Бұл 1945 жылы АҚШ-тың Хиросима мен Нагасакиге тастаған атом бомбаларынан 500 есе күшті жарылысқа алып келуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы