50 жастағы өзбекстандық шекарадан есірткі алып өтпек болған

9 Шілде 2019, 12:08
2315
Бөлісу:
50 жастағы өзбекстандық шекарадан есірткі алып өтпек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сарыағаш шекара отрядының «Қазығұрт-авто» бөлімшесінде кеше кешкілік шекара наряды арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен Қазақстаннан Өзбекстанға қарай өтіп бара жатқан «ДАФ» жүк көлігінің кузовы мен тіркемесінің аралығынан, полиетилен пакетке салынған салмағы 20 грамм көлеміндегі кептірілген қошқыл-жасыл түсті, өзіндік иісі бар, өсімдік текті зат тауып алды», - делінген таратылған хабарламада.

Табылған зат «марихуана» есірткі заты болуы мүмкін деген күдікпен, автокөлік жүргізушісі 50 жастағы өзбекстандық ұсталып, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды.



Өзгелердің жаңалығы