50 жаңа автобус жолға шықты

6 Шілде 2023, 12:17
920
Бөлісу:
50 жаңа автобус жолға шықты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Павлодар қаласының автобус паркі жаңа 50 көлікпен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Заманауи құралдармен жабдықталған, сыйымдылығы үлкен автобустар 30 жыл бойы қолданыста болған көліктерді алмастырады. Басты мақсат – жолаушылар тасымалын сапалы жүргізіп, қозғалыс жиілігін азайту.

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыповтың айтуынша, автобустардың барлығы бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Бір автобус 50 жолаушыға шақталған. Павлодарда автобус паркін жаңарту 2022 жылы басталды. Бір жыл бұрын жаңа 48 көлік болса, биылғы жылдың жарты жылында олардың саны 83-ке жетті. Ал осы шілде айында 130 автобус пайдаланылатын болады. Жалпы, облыс орталығындағы автобус паркінің 23%-ы – 2019 жылы шығарылған техника. Ал 77%-ы, яғни, 100 көлік - биыл іске қосылғандар. Жаңа көліктерді енгізудің нәтижесінде 13 бағыт бойынша қозғалыс жиілігі қысқарады. Бізде ең ұзақ жиілік 120 минут болса, енді 20 минутқа дейін қысқарады, - дейді Ержан Иманзайыпов.

Көліктердің келесі легі жыл аяғына дейін әкелінеді. Сонымен қатар, жаңа автобустарға валидаторлар орнату мақсаты тұр.

Валидаторлардың бірінші партиясы қалаға жеткізілді. Бүгінде 19 қоғамдық көлікке валидатор құралы керек. Мәселе шілде айының соңына дейін шешімін табады, - дейді мамандар.

Айта кетейік, Павлодарда қоғамдық көлікті реформалау өткен жылы басталды. Оның аясында элеткронды билеттей жүйесі іске қосылды. Осылайша, тасымалданатын жолаушылар саны нақтыланып, жолаушы тасымалдаушыларының кіріс көлемі анықталды. Реформаға дейін бұл ақпарат ашық болмайтын.

Өзгелердің жаңалығы