Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаттарынсыз 205 қораптағы темекіні анықтады, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады.