5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді

Көлік министрі Марат Қарабаев 2029 жылға қарай транзиттік тасымал өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 pixabay.com 23 Желтоқсан 2024 2024, 10:53
23 Желтоқсан 2024 2024, 10:53
666
Фото: pixabay.com

Көлік министрі Марат Қарабаев 2029 жылға қарай транзиттік тасымал өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2029 жылға қарай көліктік инфрақұрылымның дамуы есебінен транзиттік тасымал айтарлықтай өседі деген болжам бар. Атап айтқанда, теміржол тасымалы бойынша транзиттік тасымалдарды 65%-ға ұлғайту, контейнерлік тасымалдарды 54%-ға арттырып, 2 млн контейнерге жеткізіледі деген болжам бар, - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Сонымен қатар автокөлік транзитінің көлемі алты есеге – 29 млн тоннаға дейін өседі. Әуе тасымалымен транзит көлемі 2 есеге өсіп, 300 мың тоннаға жетеді.

Бұған дейін Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейтінін айтты.

Наверх