Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық барысын баяндады.
Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, 2017 жылы ел бойынша көктемде су басуға неғұрлым бейім 905 елдімекенді анықтады.
Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін ел бойынша 300-ден астам елдімекенде су басу қаупінің туындауына жол берілмеді және тағы да 314 елдімекенде қауіп-қатер барынша азайтылды, ал бұл 70 мыңнан астам тұрғын үй және 350 мыңнан астам адам, - деп атап өтті министр.4 жыл ішінде өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, өзендердің неғұрлым қауіпті учаскелерінде инженерлік-қорғау жұмыстары жүргізілді, 11 мың километрден астам каналдар мен арық жүйелері, автомобиль және темір жолдарда орналасқан 11 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды, 150 километрге жуық қорғау бөгеттері мен валдары тұрғызылды, 26 гидротехникалық құрылыс жөнделді.
6 мыңға жуық су шаруашылығы құрылыстарының бес жүзге жуық гидротехникалық құрылыстарын жөндеу қажет етіледі. Осыған байланысты, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен өңірлердің әкімдіктері оларды ағымдағы жылы жөндеу үшін қаражат қарастыруы қажет. Сондай-ақ иесіз су қоймалары мен бөгеттерге комиссиялық тексеруді ұйымдастыру және оларды қауіпсіз ұстауды қамтамасыз ету қажет, - дейді ТЖМ басшысы.Оның сөзінше, 5 жыл ішінде ТЖ салдарын жою үшін 44 миллиардтан астам теңге жұмсалды, Үкіметтің қолдауымен мемлекеттік материалдық резервтен өңірлер үшін 365 бірлік техника броньнан шығарылды.
Су басу қаупі бар аймақта ел бойынша 276 елдімекен қалып отыр, бұл 270 мыңнан астам адам. Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа Жол картасы бекітілді, оны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 160 миллиардтан астам теңге бөлу жоспарланып отыр, - деп айтты ол.
Сонымен қатар Юрий Ильин өңірлік деңгейде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырыстары өткізілді. Жанар-жағармай материалдары, инертті материалдар және құм салынған қаптардың қоры қалыптастырылды. Сондай-ақ, шұғыл шығындарға төтенше резервтер көзделген, шамамен 38 миллиард теңге алдын ала салынған. Саны 38 мың адамнан асатын азаматтық қорғау құралымдары, шамамен 13 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу және 2 500-ден астам су сору құралдары айқындалды, - деп түсіндірді министр онлайн отырыста.Ол баяндағандай, елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні 13 миллион текше метрден астам қар шығарылды.