5 трлн теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген

9 Қаңтар 2020, 09:50
69049
Бөлісу:
5 трлн теңгеге жуық ауыл шаруашылығы  өнімдері өндірілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру құны 4 трлн 909 млрд 820 млн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтсақ, аталмыш көрсеткіш 2018 жылғы 11 аймен салыстырғанда 672 млрд теңгеге немесе 15,8 пайызға жоғары.
Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында 2 трлн 867,6 млрд теңгеге (өсім 19,1%), ауыл шаруашылығында – 2, 03 трлн теңгеге (өсім 10,4%)
өнім өндірілген.

ИНФО каз.jpg

Еліміздегі өсімдік өнімдерінің өндірісінде дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан (475 млрд.теңге), Алматы (472 млрд. теңге), Ақмола (348
млрд. теңге) және Түркістан (346 млрд. теңге) облыстары көш бастап тұр. Аталмыш өңірлер республика бойынша жалпы көлемдегі
өндірістің негізгі өсуін қамтамасыз етті. Өндірілген өнімдердің басым көпшілігін дәнді дақылдар құрайды.

Мал шаруашылығында былтырғыдай Алматы облысы (323 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (281 млрд теңге) және Түркістан (243 млрд теңге) облыс алдыңғы қатарда. Мал мен құс өндірісінде аталмыш облыстар да тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, елімізде ауыл шаруашылық саласында миллионнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылған.

Өзгелердің жаңалығы