"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 5 қаңтарда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 05 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 05 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қ.: 05 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 05 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Павлодар қ.: 05 қаңтарда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 05 қаңтарда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с. Семей қ.: 05 қаңтарда түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ақтөбе қ.: 05 қаңтарда түнде қар, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі, Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Петропавл қ.: күндіз 05 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 05 қаңтарда таңертең және күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 05 қаңтарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 05 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 05 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Астанада кей уақыттарда аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көқтайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 05 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 05-07 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қ.: 05-07 қаңтарда түнде кей уақытта тұман күтіледі. 06 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.