ҚазАвтожол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 16 сәуірдегі сағат 9:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6850 метр болатын су тасқыны болды.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 534 техника мен 1134 адам жұмылдырылған.