Қазақстанның соңғы жаңалықтары

5 мың ампутация: Газа мүгедек балалардың ең көп шоғырланған аймағы атанды

10 Қараша 2025, 17:15
551
Бөлісу:
 Фото: Anadolu Agency
Фото: Фото: Anadolu Agency

Газа секторы халық санына шаққандағы мүгедек балалар көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орында тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі таратқан жазбаша мәлімдемеде, 2023 жылдың 8 қазанында Израиль бастаған геноцидтен бері екі жыл ішінде Газада 5 мыңнан астам ампутация жасалғаны айтылған.

Мәлімдемеде халық санына шаққанда бала ампутациясының деңгейі бойынша Газа әлемдегі ең жоғары көрсеткішке ие екені атап өтілді.

Ампутация жасалған адамдарды оңалту үшін арнайы қор құрылып, оны қолдауға бағытталған халықаралық қайырымдылық науқаны басталатыны мәлім болды.

Израильдің шабуылдары салдарынан Газадағы денсаулық сақтау жүйесі күйреді, жараланғандардың күрт көбеюі реабилитациялық қызметтің де бұрын-соңды болмаған деңгейде тоқырауына әкелді.

Сонымен қатар 2025 жылдың қыркүйегіне дейін Газада жараланғандар саны 170 мыңнан асқаны, кем дегенде төрттен бірі орта және ұзақ мерзімді оңалтуға мұқтаж екені айтылды.

Өзгелердің жаңалығы