5 мамырға арналған ауа райы болжамы

5 Мамыр 2019, 09:00
2131
Бөлісу:
5 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМҚ Қазақстан аймақтарында 5 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжауын ұсынады.

"Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандар арқылы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбырлар сақталады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі", - делінген хабарламада.

Атырау облысының кей жерінде найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күндіз шаңды дауылмен күтіледі. Батыс Қазақстан облысында кей жерде найзазағай, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз бұршақ күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерде тұман, күндіз – найзағай, бұршақ күтіледі. Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Жамбыл, түнде және таңертең Алматы облыстарында кей жерде тұман, Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күтіледі. Қостанай, күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерінде күндіз найзағай күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы