Алматы әуежайында ерлік жасаған адам танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, бейбіт күннің батыры атанған - әкесінің інісі Мұса.
Әбдірайымов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы Түлкібас ауданы Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас, ел шулап жатыр. Намысты жігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз - ерлік! ...Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті. Бала-шағаның несібісіне таусылмасын. Кез келген марапатқа лайықсыз! Біз сізбен мақтанып жүрейік, - деді ол.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.