5 баланың өлімі: ІІМ әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

12 Ақпан 2019, 13:57
2087
Бөлісу:
5 баланың өлімі: ІІМ әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин 5 баласының айырылған отбасыға қатысты деректердің әлеуметтік желіде тарап кетуіне қатысты пікір білдірді.

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте журналист 5 баласының айырылған отбасыға қатысты деректердің әлеуметтік желіде тарап кетуіне байланысты сауал жолдады. БАҚ өкілінің айтуынша, желідегі ақпаратқа сәйкес 5 баланың әкесі бұрын сотталған екен.

«Ішкі қауіпсіздік қызметі ақпараттың тарап кетуіне қатысты тергеу жүрзігіп жатыр. Бұл шұғыл әрекет ету қызметіне байланысты. Тіпті басшылық қызметінен айыру сияқты қатаң шара қолданылады. Бұған жол берген қызметкерлер жұмыстан шығарылады. Себебі, қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Сондықтан менің олардың қайда тұратынын, фамилиясы мен атын айтуға құқым жоқ», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Юрий Ильин бүгінгі таңда қайғы жамылған отбасының жағдайы ауыр екенін атап өтті.

«Қайғылы оқиғадан кейін отбасының психологиялық жағдайы өте ауыр. Сондықтан аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіледі. Ақпараттың тарап кетуіне жол берген қызметкерлер жауапқа тартылады», - деді вице-министр.

Айта кетейік, 4-ақпанда Астанадағы Көктал тұрғын үй алабында уақытша баспана (времянка)  өртеніп, 5 бала көз жұмды. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өрттің неден шыққанын мәлімдеген.


Дәурен Ерболат
Өзгелердің жаңалығы