Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 012 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 012 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 73 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 952 науқас жатыр. 1 060 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.