5 адам иісті газбен уланып қайтыс болды деген болжам қойылып отыр – ТЖД

28 Ақпан 2021, 12:49
2922
Бөлісу:
5 адам иісті газбен уланып қайтыс болды деген болжам қойылып отыр – ТЖД

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан қаласындағы улы газдан орын алған қайғылы оқиғаға байланысты шұғыл брифинг барысында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жүнісов айтты.

27 ақпан күні департаментке 18.35 сағатта жедел жәрдемнен хабарлама түскен болатын. Хабарлама түсісімен Түркістан қаласындағы жергілікті тұрғын үйлердің бірінде бір азаматша мен 4 жасөспірімнің денесі табылғаны анықталды. Жеке тұрғын үй табиғи газбен жабдықталған. Осы үш бөлмелі үйде иран пешінің орнатылғаны анықталды. Қазіргі таңда, 5 азамат иісті газбен уланып қайтыс болды деген болжам қойылып отыр. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша хабарланатын болады, - деді ол.

Пеш орнатылған бөлме үйдің ортасында орналасқан, екі жағында екі бөлме болған. 
Пешті мұқият тексеру барысында орнатылған пешке гофрленген бұрғыш қосылғаны анықталды. Ол жану өнімін пештен 1,5 метр қашықтықта қабырғадағы тесік арқылы көшеге шығарып тұрған. Сыртқы жағынан гофрленген розетка 5-7 см ғана құрайды, осылайша қатты желдің әсерінен пештегі тартылыстың нашарлауына ықпал етіп, улы газдың бөлме ішіне тарауына әкеп соғуы мүмкін, – деді облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.

Бұған дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның төрағасы Арман Жетпісбай облыстық мемлекеттік қызметтер көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударуға ниет білдіріп отырғанын жеткізген еді.



Өзгелердің жаңалығы