485 млрд теңге бюджет қаражаты игерілмей қалды

11 Қазан 2022, 11:49
765
Бөлісу:
485 млрд теңге бюджет қаражаты игерілмей қалды

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,2%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 96,3%-ңк, жергілікті бюджеттердің шығыстары 97,9%-ға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 12,9 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр игерілмей қалған қаражатқа да тоқталды. 

Атқарылмау 494 млрд теңгені құрады, оның ішінде 9 млрд  теңге үнемделді. Игерілмегені – 485 млрд теңге. Ең көп игерілмеу сомасы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, ішкi iстер және мәдениет және спорт министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: министрліктердің қайта құрылуы, орындалған жұмыстар актілерін, шот – фактураларды уақтылы ұсынбау, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы, төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін жүргізілді, - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,2 трлн теңгеге жеткен.

Атқарылмағаны – 155 млрд теңге. Биыл өңірлерге 3,4 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қазанға 2,1 трлн теңге бөлінген. Оның 100%-ы игерілген. 7,7 млрд теңге – үнемдеу, 39 млрд теңге – игерілмеген. 47 млрд теңге асыра орындалды. Ең көп игерілмеу Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстары, Астана қаласында орын алды, - деді министр. 

Белгілі болғандай, игерілмеудің негізгі себептеріне: жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шотты кеш ұсыну себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы