Сәтбаев қаласында 45 көпбалалы отбасы баспаналы болды

6 Желтоқсан 2019, 15:06
4349
Бөлісу:
Сәтбаев қаласында 45 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласында 45 көпбалалы отбасы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша пәтер алды. Жаңа қоныстанушыларға қала әкімі Асқар Ыдырысов кілттерін табыс етті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кенжегүл Ахметова-бес баланың анасы. Тұрғын үй кезегінде отбасы 2013 жылдан бастап тұрған. Енді олардың үш бөлмелі пәтері бар.
Менің көпжылдық арманым жүзеге асырылды. Осыған дейін бірнеше жыл бойы пәтер жалдап тұрып келдік. Енді міне өзіміздің баспанамыз бар. Мен біздің жанұямыз секілді отбасыларға көмектескендердің барлығына алғысымды айтқым келеді, - дейді Кенжегүл Ахметова.
Биылғы жыл біз үшін бақытты болды. Бүгін біз өз баспанамызды алдық. Кезекте 11 жыл тұрдық. Балалардың қуанышында шек жоқ, пәтеріміз жақсы, жылы. Барлықтарыңызға үлкен рахмет, - дейді төрт баланың анасы Жайнагүл Мұхаметжанова.

Сәтбаев қаласында "Бақытты отбасы" бағдарламасы да белсенді дамып келеді. Ол бойынша төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алуға 19 өтінім мақұлданды. Тұрғын үйді осы бағдарлама бойынша ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған үш көп балалы отбасы мен ата-аналар сатып алды.

Жыл соңына дейін тағы 4 көпбалалы отбасы баспана алады.

Өзгелердің жаңалығы