42 500 теңгені кімдер алады? Біржолғы төлемнің алу жолдары қандай? Тегін азық-түлік бойынша көмекті кімдер алады? Төлемді заңсыз алған тұлғалар жауапкершілікке тартылады ма? Осы және өзге де сұрақтарға маман жауап береді.
"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басқарма басшысы Бауыржан Бейсенбаев.
"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.