42 500 теңге. 8 млн 23 мың адам өтініш берген

27 Сәуір 2020, 11:04
1809
Бөлісу:
42 500 теңге. 8 млн 23 мың адам өтініш берген
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. МӘСҚ-нан 4,2 миллионнан астам әлеуметтік төлем тағайындалды. Төлемге жалпы саны 8 млн 23 мың адам өтініш берген. 

Ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі жағдай бойынша төтенше жағдай кезінде кірістен айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 4 млн 251 мың әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның ішінде алғашқы айда – 3 млн 731 мың, екінші айда - 520 мың.

27 сәуірдегі жағдай бойынша 42 500 теңге көлеміндегі төлемге 8 млн 23 мың адам өтініш берген. Бірегей өтініштердің ең көп саны төмендегі өңірлерде тіркелді:

- Алматы облысы – 1 млн 45 мың;
- Түркістан облысы – 999,5 мың;
- Алматы қ. – 896,6 мың;
- Нұр-Сұлтан қ. – 594,5 мың;
- Шымкент қ. – 534,5 мың.

Жәрдемақы ең көп тағайындалған өңірлер:

- Алматы облысы – 620,5 мың;
- Түркістан облысы – 508,5 мың;
- Алматы қ. – 412,1 мың.

Келіп түскен 3 млн 672 мың өтінім бойынша 42 500 теңге тағайындаудан бас тартылды. Себебі олар төтенше жағдай кезінде табыстың жоғалуына байланысты МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді тағайындау қағидаларына сәйкестігін тексеруден өтпеген.

Бас тартудың негізгі себептері мынадай:

- өтініш берушінің жеке деректерінің дұрыс көрсетілмеуі;
- банктік шот нөмірінің дұрыс көрсетілмеуі;
- өтініш берушіде тұрақты жалақысының болуы (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері);
- өтініш берушінің төтенше жағдай енгізілгенге дейін ресми жұмыс жасамаған зейнетақы мен жәрдемақы алушы болып табылуы;
- өтініш беруші үшін төтенше жағдай режимін енгізгенге дейін соңғы 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік аударымдардың, зейнетақы жарналарының жүргізілмеуі, бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасамау немесе бейресми өзін-өзі жұмыспен қамғандардың өтініш бергенге дейін БЖТ төлемеуі;
- өтініш берушінің қайтыс болуы немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.
Өтініштің қаралу статусын 42500.enbek.kz сайтында тексеруге болады.
Қосымша қарауды талап ететін ерекше жағдайларда азаматтар 42500@enbek.kz, 42500@gfss.kz электрондық мекенжайларына жазбаша өтініш бере алады.

МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға:

– жеке кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;
– карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;
– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;
– жеке тәжірибемен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
– ҚР Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;
– нысаналы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға тағайындалады.

1 және 2-тармақшалар ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты емес.

Өзгелердің жаңалығы