Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Игі істер марафоны» және қаладағы әлеуметтік бастамашыл топтармен жұмыс» тақырыбында онлайн брифинг өтті.
Сонымен қатар «Open Акимат» шарасы бойынша күніне 100-ге тарта азаматтың сұрақтары қаралып жатқанын жеткізді.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов наурыз айын қайырымды істер айы деп жариялаған еді.
Сондықтан осы айда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді бастап кеттік. 1 ай ішінде 4000-нан аса азық-түлік себеттері таратылды. Зейнеткерлер, қарт адамдар, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылды. Шын мұқтаж жандарға көмек берілді. Бұл бастаманы іске асыруда ешқандай мемелекеттік бюджеттен қаржы жұмсалған жоқ. Жеке демеушілер, меценаттар, қарапайым азаматтардың көмегімен азық-түлік себеттері жинақталды. Соның ішінде қалалық мәслихат депутаттары да бар. Көп көмек берген Halyk Bank-ке алғысымыз шексіз, - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.Ол тікелей мемлекет тарапынан көрсетілетін атаулы көмектің барлығы уақытында және жүйелі түрде жүзеге асып жатқандығын айтты.
Сонымен қатар «Open Акимат» шарасы бойынша күніне 100-ге тарта азаматтың сұрақтары қаралып жатқанын жеткізді.
Қазір қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты адам қабылдау азайды. 2020 жылдың өзінде көп балалы азаматтардың арасында 50-60 рет келген азаматтар бар. Басқарма өкілдері туындаған сауалдарға тікелей жауап беріп, заң аясында құзырлы орындар көмек қолын созады. Неше рет келсе де, әр келген сайын мәселені аяқсыз қалдырмаймыз. 17 санаттағы мемлекеттік қызмет бойынша «Жанұя» орталығы жұмыс істейді. 2021 жылдың басынанбері орталыққа 8500-ге жуық азамат келді. 8833 келіп түскен сұрақтан жүйелі түрде 5234 жауап берілген, - деді ол.Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде арнайы бастамашыл топтармен жұмыс тұрақты жолға қойылған.
Қала тұрғындарының бастамасымен 2020 жылы «Strong Mothers» білім беру орталығы, «Бақытты шаңырақ» қызмет көрсету орталығы, киім тігу цехы секілді барлығы 8 орталық ашылды.
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына барынша қолдау көрсетіледі. Дәурен Бабамұратов Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі аппараты қала тұрғындарының барлық сала бойынша сұрақтарына жауап беруге дайын екендігін атап өтті.