Грузияның Рустави қаласында халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды. Ол 400 доллар пара беріп, жезөкшелікке қатысты іс бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігі бойынша – лауазымды тұлғаға пара беру әрекетін жасағаны үшін айыпталып отыр. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2019 жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін құқық қорғау органының қызметкеріне 400 АҚШ доллары көлемінде пара берген.
Бұған қоса, тексеру барысында оған тиесілі массаж салоны арқылы жезөкшелік қызмет көрсетілгені анықталған. Қазіргі уақытта ол Грузия аумағында қамауға алынды.