40 мың учаскеге коммуникация жүргізіледі – Роман Скляр

7 Қыркүйек 2020, 15:39
1331
Бөлісу:
40 мың учаскеге коммуникация жүргізіледі – Роман Скляр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру үшін 40 мың жер учаскесіне коммуникация жүргізілетін болады. Бұл туралы Үкімет үйінде баспасөз мәжілісінде премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтты. 

Президенттің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша тапсырмасын келесі бесжылдыққа арналған жаңа ұлттық жоба аясында шешу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде салалық қауымдастықтар, халықаралық сарапшылар, "Атамекен" ҰКП өкілдері, сондай-ақ бизнес пен агрономдар кіретін жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы жер ресурстарының қолжетімділігін арттыру және қаржыландыру, агрономияны дамыту, ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік, сонымен қатар шикізат есебінен ғана емес, оны қайта өңдеу өнімдері есебінен де экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді, - деді Роман Скляр.

Оның айтуынша, қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру үшін қосымша мемлекеттік қолдау арқылы ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді және майлы дақылдар, сүт пен балық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша экожүйе құрылады.

Айта кететін жайт, бүгінде елімізде шамамен 6,3 мың ауыл бар. Оның 3,5 мыңы бизнесті дамыту үшін перспективалы және тартымды ауыл болып саналады. Осыған байланысты, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру үшін 40 мың жер учаскесіне коммуникация жүргізілетін болады. Одан бөлек, тұрғын үй мәселелерін шешу үшін" Нұрлы жер " мемлекеттік бағдарламасы аясында 100 мыңнан астам кезекте тұрғандарға жеке тұрғын үй қорынан жалдау ақысын субсидиялау тетігі қарастыратын болады. ТКШ мәселелері бойынша қабылданған заң аясында мүлік иелерін біріктіру институты енгізілуде. Барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, бекітілді.


Өзгелердің жаңалығы