40 градусқа дейін аяз: жүргізушілерге ескерту жасалды

18 Ақпан 2024, 15:16
8829
Бөлісу:
40 градусқа дейін аяз: жүргізушілерге ескерту жасалды

"Қазавтожол" ауа райының нашарлауы және өңірлердегі жолдардағы қиын жағдай туралы қазақстандық жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазавтожол" компаниясының хабарлауынша, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарында қатты аяз 35-38 градус, жел секундына 15-20 метрге дейін сақталады.

Түркістан облысында қар жауады. Қызылорда облысы мен Жетісу облысында желдің секундына 25-28 метрге дейін күшеюі күтілуде. Алматы облысында аяз 25 градусқа дейін жетеді.

Құрметті Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдаланушылар, қауіпсіздік мақсатында жол қозғалысы ережелерін сақтау және ауа райының нашарлауын назардан тыс қалдырмауды ескертеміз, - делінген компания хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанның он өңірінде автожолдардың 18 учаскесінде қозғалыс шектелген.

Өзгелердің жаңалығы