+40 градус: демалыс күндері қатты ыстық болады

Алдағы демалыс күндері 40 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 18 Шілде 2025 2025, 22:38
18 Шілде 2025 2025, 22:38
1126
Фото: pixabay.com

Алдағы демалыс күндері 40 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кезеңнңің басында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі. 19 шілдеде солтүстікте, орталықта, 20 шілдеде республиканың шығысында – қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Кезеңнңің соңында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс антициклоны жылжып, ол жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауылмен бірге жүреді. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болжанады.

Ауа температурасы

Алдағы күндері батыста және оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 43°С дейін, солтүстік-батыста және шығыста – 40°С, оңтүстік-шығыста – 42°С дейін күтіледі.

Наверх