4 тамызға арналған ауа райы болжамы

4 Тамыз 2019, 09:11
1755
Бөлісу:
4 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Бүгін республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, дауыл тұрып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында да найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында найзағай ойнап, тұман түсуі мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтірілуі ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ.

Өзгелердің жаңалығы