Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жаңбыр және найзағаймен сақталады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болады.
Оңтүстікте, шығыста шаңды дауыл болып, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде дауыл, бұршақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.
Алматы облысының кей жерінде найзағай түсіп, жел 17-22 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.