4 қазанға арналған ауа райы болжамы

4 Қазан 2022, 07:44
946
Бөлісу:
4 қазанға арналған ауа райы болжамы

4 қазанда еліміздің төрт облысында аяз күтіледі. Бұл туралы BAQ.KZ Қазгидромет-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысының солтүстік, шығыс, орталық бөлігінде түнде 3 градус аяз күтіледі.

4-6 қазан түндері Жамбыл облысының таулы аймақтарында 2 градус аяз болады.

4 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.

Өзгелердің жаңалығы