Әлеуметтік желіде әкесі мен мектептен келген қызының сөйлескен сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үйге келсем, қызым жылап жүр. Жүрегім сол, әкесінің жүрегін ауыртып, – дейді әкесі қызын дүкенге апара жатып.
Содан кейін ол қызынан анасының не үшін ұрысқанын сұрайды.
Мама ұрысты ма? Не деп ұрысты? 4 алдың деп па? Жалғыз сен бе 4 алып жүрген? Күнде-күнде 5-ті қайдан аласың? Қазақ тілінен 5 алдың ба? Әдебиеттен 4 алып қалдың ба? Ештеңе етпейді. 4 деген – 4 зат, 5 деген – 5 зат, – деп жұбатады әкесі қызын.
Ер адам дүкенге кірген соң баласын қалаған затын алуға жібереді.
Балмұздақ ал, шоколад ал. Алып ал бәрін. Қазір мамаға өзім айтып, сөйлесемін онымен. Қайтеді, бір күн 4 алды деп, – дейді видео авторы.