Қазақстанның соңғы жаңалықтары

3I/ATLAS Жерге жақындап келеді: комета ма, әлде өзге ғаламшарлық па?

Олжас АДАЙ
11 Тамыз 2025, 12:05
12655
Бөлісу:
VIDEO

Ұлттық астрономиялық қауымдастық өкілдері 3I/ATLAS атты жұлдызаралық нысанның 2025 жылдың соңында Жерге жақындауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Euronews-ке cілтеме жасап.

2025 жылдың 1 шілдесінде Гарвард университетінің ғалымдары 3I/ATLAS деп аталған жұлдызаралық нысанды анықтады. Астрономдардың бағалауынша, ол Күн жүйесі арқылы сағатына 245 мың шақырым жылдамдықпен қозғалып келеді. Бұл – осы уақытқа дейін тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Гарвард астрономы Ави Леб бұл нысанды 1 шілдедегі алғашқы анықталған сәтінен бастап бақылап отыр. Ол егер 3I/ATLAS бөгдеғаламдық технология болса, Жерге зонд немесе тіпті қару жеткізуі мүмкін деген болжам айтты.

Алайда астрономия саласындағы сарапшылардың басым бөлігі бұл алып комета болуы ықтимал деп санайды. Оның диаметрі шамамен 24 шақырымнан аспайды. Кейбір ғалымдар нысан бөгдеғаламдықтардың тыңшылық құрылғысы болуы да мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Оксфорд университетінің зерттеушілері 3I/ATLAS-тың жасы Күннен шамамен 3 миллиард жылға үлкен екенін анықтады. Күн жүйесінің жасы – шамамен 4,5 миллиард жыл.

"Хаббл" ғарыш телескопы жуырда нысанның жоғары сапалы суреттерін түсірді. Әуесқой астроном Astrafoxen оларды Bluesky платформасында жариялады.

3I/ATLAS – Күн жүйесіне келген алғашқы жұлдызаралық қонақ емес. Бұған дейін 2017 жылы Оумуамуа кометасы және кейінірек Борисов кометасы белгілі болған. Екеуі де Күн жүйесін тастап кеткен.

Өзгелердің жаңалығы