3D-принтердің көмегімен адамның көзін ауыстыру операциясы жасалды

27 Қараша 2021, 15:07
1448
Бөлісу:
3D-принтердің көмегімен адамның көзін ауыстыру операциясы жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британиялық офтальмологиялық емханалардың бірі әлемде алғаш рет 3D-принтердің көмегімен адамның көзін ауыстыру операциясын жасады. Пациент 47 жастағы инженер деп жазады gagadget.com.

Дәрігерлер Стив Верзенің сол жақ көзін ауыстырған. Бұл дәстүрлі протезге қарағанда барынша шынайы көрінетін көздің толықтай цифрлық көз протезі болып отыр.

Одан бөлек, 3D-принтерді қолдану процедураны науқас үшін қолайлы етеді. Әдеттегі протезді жасаған кезде инвазиялық көз көшірмесін жасауды қажет етсе, 3D-технологияны пайдаланғанда көз шрасы цифрлық форматта сканерленеді.

Ең бастысы, өндіріс процесі неғұрлым жылдам орын алады. Әдеттегі акрилдік көз протездері қолмен боялып, оларды дайындауға алты аптадай уақыт кететін көрінеді. Ал 3D-басып шығару кезінде сканерлеген соң протез екі жарым сағат ішінде басылып шығады.

Өзгелердің жаңалығы