39 млрд теңге текке кетті. Депутат әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды жою керектігін айтты

5 Қазан 2022, 17:09
1496
Бөлісу:
39 млрд теңге текке кетті. Депутат әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды жою керектігін айтты

«Ақ жол» ӘКК-ні жою және олардың барлық қызмет түрлерін бәсекелестік ортаға беру қажет деп санайды. Бұл туралы «Ақ жол» фракциясының депутатты Дәния Еспаева  Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) дамытудың 2025 жылға дейінгі бекітілген кешенді жоспарында 15 жыл ішінде ӘКК оларды құру кезіндегі пайымдаудағыдай пәрменді өңірлік даму институттарына айналмағаны атап өтілді. Бұл ретте олардың қызметіндегі бірқатар жүйелік проблемалар, оның ішінде ӘКК-нің көпшілігінің залалды қызметі көрсетілген. ӘКК қызметінде олардың кәсіпкерлік ортаны дамытуда және жаңа жұмыс орындарын құруда белсенділігінің жеткіліксіздігі байқалады, - деді Еспаева.

«Ақ жол» фракциясы өз депутаттық сауалдарында ӘКК қызметін бірнеше рет сынға алды.

2015 жылы біз ӘКК-нің негізгі мақсаты өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу көзделгеніне қарамастан, іс жүзінде ӘКК тұрақтандыру қорының қаражатына билік ететін әкімдіктер жанындағы шаруашылық ведомстволарына айналғанын атап өттік. 2017 және 2020 жылдардағы депутаттық сауалдарда біз ӘКК қызметіне олардың тиімділігіне және қойылған міндеттерді орындауға талдау жүргізуді талап еттік, - деді ол.

2022 жылғы ақпанда «Ақ жол» фракциясы Үкіметтен осы институттың жұмыс істеу қажеттілігін қайта қарауды талап етті.

Үкіметтің а.ж. 16 ақпандағы жауабында ӘКК-нің таза кірісін бөлуді республикалық деңгейге беру ұсынылатыны атап өтілді. Бірақ «Ақ жол» фракциясы бұл барлық мәселелерді шешпейді деп санайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің алқа отырысында корпорациялардың негізгі пайдасы депозиттерден пайыз алуға және мүлікті сатуға, байқау рәсімдері мен активтерді айналып өту үшін үлестес тұлғаларға төмен құны бойынша жер учаскелерін беруге негізделгені атап өтілді, - деді депутат.

ӘКК атқарушы органдар мен әлеуетті инвесторлар арасында артық делдал болып отыр.

Бұдан басқа, өнімнің бағасын тұрақтандыруға 39 млрд теңге пайдаланылғанымен нәтижелері көзге көрінген жоқ. Несиелер аффилиирленген компанияларға да берілді. Осы факт бойынша ӘКК лауазымды тұлғаларына қатысты 11 қылмыстық іс тіркелген. Ал шығын 7 млрд теңгеден асқан. Мемлекет басшысы тұрақтандыру қорлары қызметінің тиімділігінің, олардың нарыққа әсері аз екенін атап өтті. Президент Тоқаев тұрақтандыру қорлары кейде жосықсыз адамдар үшін қоректендіргішке айналатынын айтып, сауда желілерін емес, тікелей өндірушілерді несиелеу қисынды болатынын айтты. «Астана ӘКК» АҚ-ның 2019 жылғы аудит нәтижелері бойынша елеулі бұзушылықтар анықталды. Осы ӘКК қызметінің негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру болды, олардың тізбесі 19 бағыттан тұрады. Бұл ретте, «Аstana» ӘКК» АҚ 2019 жылы тауарлардың 6 атауы сатылған (алдыңғы жылдардағыдай). Бұдан басқа, тұрақтандыру қоры шеңберінде «Аstana» ӘКК» АҚ сатып алатын және өткізетін тауарлардың көлемі қаланың нақты қажеттіліктерімен салыстыруға келмейді, - деді ол.

Мысалы, елорда нарығының жылдық қажеттілігі кезінде картопқа 113 мың тонна сұраныс бар, «Аstana» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры шеңберінде небәрі 600 тонна немесе 0,5% сатып алды, сол сияқты қарақұмық бойынша жылдық қажеттілік 8,5 мың тонна болғанына қарамастан, 500 тонна немесе 6% сатып алынды. Айта кету керек, «Астана ӘКК» АҚ-ның 2021 жылғы қаржылық табысы 1 млрд 154 млн теңге. Бұл ретте, банк депозиттері бойынша кірістер 63% немесе 729 млн теңге. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы депозиттер көлемі 9,8 млрд теңге.

Сонымен қатар, әкімшілік шығыстардың өсуі байқалады, мұнда жалпы көлемнен еңбекақы шамамен 40%.

Осындай жағдай «Атырау ӘКК» АҚ-да байқалады. Мәселен, мысалы, «ОRDA» ақпараттық порталының мәліметі бойынша, «Атырау ӘКК» қызметі соңғы 4 жыл ішінде тиімсіз болып отыр. Алайда, пайдасыз қызметке қарамастан, компания өз қызметкерлеріне сыйлақы береді және кірістің негізгі бөлігі банктердің депозиттеріне бос қаражатты орналастырудан алынған сыйақылардан тұрады. Жоғарыда аталған бұзушылықтар ӘКК-нің тиімсіз қызметін көрсететіні сөзсіз және тәжірибе көрсеткендей, іс жүзінде барлық ӘКК жәрдемдесудің орнына өздері шағын бизнеске тосқауыл болады, - деді Дәния Еспаева.

Мемлекет басшысының Жолдауында мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту туралы тапсырма берілді. 

Өкінішке қарай, бүгін біз Қазақстанда нарықтық емес, мемлекеттік-монополиялық экономика құрылғанын айтуға мәжбүрміз. Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша олигополияларды деолигархизациялау және қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл жұмысты мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуын қысқартумен толықтыру қажет деп санаймыз және ӘКК-ні тарату осы мәселедегі алғашқы қадам болуы тиіс. Бүгінде Самұрық-Қазынаны, ұлттық компанияны жекешелендіруге көп көңіл бөлінеді, бірақ мұның бәрі үлкен қаражатты талап етеді және бұл шағын және орта бизнестен тым алыс. ӘКК-ні жою - бұл әлдеқайда жеңіл міндет, бірақ оның мәні мен нәтижесі әсері  орындарға жақындаған сайын маңыздырақ бола береді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Ақ жол» фракциясы келесіні қажет деп санайды: Мемлекет басшысының экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту туралы Жолдауын іске асыру мақсатында барлық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарату және олардың қызметінің барлық түрлерін бәсекелестік ортаға беру. ӘКК жергілікті жерлерде/өңірлерде қызметті жүзеге асыратындықтан, олардан бастау қисынды болар еді. Бұл мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтудағы және нарықтық бастамалар мен адал бәсекелестікті қайтарудағы маңызды қадам болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы