389 квота. Ақсуға оңтүстіктен көшіп барғандар саны артып келеді

12 Маусым 2023, 11:41
823
Бөлісу:
389 квота. Ақсуға оңтүстіктен көшіп барғандар саны артып келеді
Фото: BAQ.KZ - архив

Ертіс өңірінің Ақсу өңіріне көрші елдер мен Оңтүстік өңірлерден қоныс аударып, еңбек еткісі келетіндердің саны жыл сайын артып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Ақсу қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Әсемгүл Ермекованың айтуынша, өңіаралық еңбек ұтқырлығын дамыту шеңберінде Оңтүстіктен Солтүстікке және шетелдегі отандастарымызды көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл бағыттары шаралар «Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде қолғ алынған. Ақсу өңіріне биылғы жылы 389 квота бөлінген. Оның ішінде 225 квота еңбек ұтқрлығын дамыту шеңберінде және 164 квота отандастар үшін бөлінген. Жыл басынан бері 175 адам қоныс аударды, оның ішінде 184 адам еңбеккке қабілетті азаматтар болды. Қазіргі уақытқа дейін 64 көшіп келген екі қолға бір күрек тапты, - дейді Әсемгүл Ермекова.

Сала мамандарының айтуынша, өзге өңірлерден көшіп келушілер жұмыс орындары қызықтырады.

Қоныс аударушыларды жұмыс орындары мен әлеуметтік қолдау шаралары ынталандырады. Біріншіден, көшу шығындарын өтеу үшін 70 АЕК көлемінде субсидия бөлінеді. Екіншіден, бір жыл ішінде пәтер жалдау құны мен коммуналдық шығындарға қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, осы жылдың бірінші наурызынан бастап, үй сатып алу немесе құрылысы үшін бастапқы жарна ретінде сертификаттар беріледі. Бұл – бағдарламаның жаңашылдығы, - дейді маман.

Ал өткен жылы 385 квота бөлінген. Мамандардың айтуынша, өзге өңірден келіп, жаңа өмір бастағандардың басым бөлігі тұрақтап қалады. Бұрынғы жерлеріне көшіп кеткендер әдетте ауа райының қолайсыздығы үшін райынан қайтады.

Айта кетейік, еңбек ұтқырлығын дамыту бағдарламасы 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Сол сәттен бері Ақсу қаласы мен оның ауылдық аймағына 700-ден астам отбасы көшіп келген. Сұраныс болған сайын, квота көлемі де сәйкесінше көбейіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы