Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады, деп жазады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығындағы кезеңде Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы «Central Azia Cement» АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн теңге сомасына ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін күдікті.
Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған.
Адамды экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының Болгарлық әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің арқасында мүмкін болды.
Қазіргі таңда, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.