Қазақстанның соңғы жаңалықтары

38 жыл жазықсыз түрмеде отырған ер адамға қомақты өтемақы төленді

25 Қыркүйек 2025, 13:35
9248
Бөлісу:
 архив/ Арман Мухатов
Фото: архив/ Арман Мухатов

АҚШ-та 38 жыл жазықсыз түрмеде отырған Морис Гастингс 25 млн доллар (шамамен 11,6 млрд теңге) өтемақы алды. ДНҚ сараптамасы оның кінәсіздігін дәлелдеп, іс қайта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.

АҚШ-тың Калифорния штатында 38 жыл бойы жазықсыз қамауда отырған Морис Гастингс 25 миллион доллар (шамамен 11,6 млрд теңге) көлемінде өтемақы алды.

Гастингс 1983 жылы әйелді өлтірді деген айыппен қамауға алынып, 1988 жылы өмір бойына сотталған. Тергеу кезінде полицейлер дәлелдерді қолдан жасап, куәгерлердің шынайы айғақтарын елемеген. 2000 жылдан бастап ол істің қайта қаралуын талап етіп келген, алайда ДНҚ сараптамасы тек 2022 жылы ғана жүргізіліп, қылмыстың Гастингске қатысы жоқ екені дәлелденді. Нағыз қылмыскер Кеннет Пакнетт 2020 жылы қайтыс болғаны белгілі болды.

2022 жылдың қазанында Гастингс толық ақталып, бостандыққа шықты. Ол Лос-Анджелес полициясына және іс бойынша жауапты детективтерге қарсы сотқа шағымданып, 23 қыркүйекте әділ өтемақыға қол жеткізді. Жәбірленуші алған қаржы 38 жыл түрмеде жоғалтқан өмірін қайтара алмайтынын айтып, бірақ әділдіктің орнағанына қуанышын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы