37 жастағы Парламент депутаты Олимпиадаға қатысады

10 Наурыз 2020, 12:38
1512
Бөлісу:
37 жастағы Парламент депутаты Олимпиадаға қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атақты Үндістан боксшысы Мэрри Ком Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Иордания Амман қаласында өтіп жатқан аймақтық іріктеуге қатысып жатқан Мэрри Ком Токио Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.

Мэрри бокста Олимпиаданың алтынынан басқасына қол жеткізген.

Әлем чемпионатына 8 рет қатысқан. Оның алтауы алтын. Сондай-ақ бір күміс және бір қоласы бар. Бес рет Азия чемпионатында топ жарған. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Үндістаннан қыздардан жалғыз өзі барып, қола жүлде еншіледі.

Айтпақшы, 2016 жылы Қытайда өткен Бразилиядағы Олимпиаданың алдындағы лицензиялық турнирде Мэри Ком екі дүркін әлем чемпионы, отандасымыз Назым Қызайбайды жеңген. 

Оның боксқа қызығушылығы 1998 жылы оянған. Сол жылы теледидардан боксшы Динко Сингхтың Азия чемпионы болған сәтін көріп, осы спортқа ден қояды. Алғашында әкесінің қарсы болатынын біліп, 2 жыл жасырын түрде дайындалады. Сөйтіп жүріп, 2000 жылы штат біріншілігінде жеңімпаз атанады. Ата-анасы қызының боксшы екендігін сол сәтте жергілікті басылымнан оқиды. 2005 жылы 22 жасында тұрмысқа шыққан.  Осы күні 3 ұлдың анасы атанып отыр.⠀

2014 жылы "Мэри Ком" көркем фильм түсірілген. 2016 жылы Үндістан президенті оны Раджья сабхаға (Үндістанның жоғары палатасы) депутат етіп тағайындайды.

Өзгелердің жаңалығы