365 күн бір-бірімізге мейірімді болайық - Әскер Пириев

Бүгiн, 11:38
206
Бөлісу:
365 күн бір-бірімізге мейірімді болайық - Әскер Пириев
Фото: жеке мұрағаттан

"Ахыска" түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Әскер Пириев 1 наурыз – Алғыс айту күнінде отандастарға алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдымен Жаратқанға сансыз шүкір. Ардақты әкем мен аяулы анама, елім деп тер төккен қайраткерлерге, асыл ұстаздарыма, дархан көңілді қазақ халқыма, тәуелсіздік үшін жанын қиған бабаларымызға, көк туымызды желбіреткен ерлерге, жанұяма, адал достарыма, елім деп еңбек еткен азаматтарға, айбынды жауынгерлерге, ақ халатты жандарға, барша отандастарыма – шексіз алғыс айтамын, - дейді Әскер Пириев.

Оның айтуынша алғысты айтушы да, қабыл алушы да ерекше сезімге бөленіп, жүректерде мейірім оянып, адамдар бір-біріне жақындаса түседі.

Алғыс айту күні мерекесі бір күн болғанымен, 365 күн бір-бірімізге мейірімді болсақ. Алғыс айтушыларымыз көп болсын,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы