36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды – ҰҚК

2 Қыркүйек 2024, 13:10
631
Бөлісу:
36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды – ҰҚК
Фото: @knbgov_kz

ҰҚК Шекара қызметінің 2024 жылғы тамыз айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы тамызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

шекара кеңістігінде 4 985 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады, оның ішінде:
o 36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
o 48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін. 

Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
🔹 48 – есірткі заттары; 
🔹 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі); 
🔹 27– діни әдебиет (492 дана); 
🔹 664 – жалпы сомасы 108 млн теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам); 
🔹 729 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; ️
🔹 175 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам валюта. 
Каспий акваториясында 9 браконьерлік фактілерінің алды алынды:
🔹 7 дана жүзу құралдары; 
🔹 8,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары; 
🔹 14 дана (50,5 кг) бекіре тұқымдас балықтар; 
🔹 311 дана (716 кг) ұсақ тұқымдас балықтар; 
🔹 38 дана су тасбақасы. 

Алды алынған залал сомасы 19,4 млн теңге. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. ️

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. 

Өзгелердің жаңалығы