3,5 мыңға жуық мүгедектігі бар елордалық спортпен шұғылданады

4 Мамыр 2023, 14:29
1030
Бөлісу:
3,5 мыңға жуық мүгедектігі бар елордалық спортпен шұғылданады
Фото: GETTY IMAGES

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің «Балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» КММ басшысы Азамат Тағаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Астана қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын мүмкіндігі шектеулі спортшылар» жайында айтып берді.

Қаладағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны 28 553, оның ішінде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ 13 084 адам және дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын саны 3 428. Яғни олардың 26%-ы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ, - деді Тағаев.

Мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамыту мақсатында 2019 жылғы 3 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылғанын еске сала кетейік.

Мектептің негізгі міндеті - спорт резервін, қала, республика құрама командаларына кандидаттарды даярлауды қамтамасыз ету және жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.

Спортшылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға, дене шынықтыруды жан-жақты дамытуға бағытталған спорттық-сауықтыру және тәрбие жұмысы жүзеге асырылады.

Спорттық-сауықтыру топтарына және спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы бойы жүргізіледі. Спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін мүгедектігі бар адамдар арасында дамып келе жатқан барлық спорт түрлері бойынша жас ерекшелігі - 7-11 жас, - деді орталық басшысы брифингте.

Өзгелердің жаңалығы