Облыс прокуратурасы мемлекеттік сатып алу рәсімі саласында заңдылық сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тек ағымдағы жылдың қаңтар айында прокурорлардың актілері бойынша 3,5 млрд теңгеден астам сомаға 7 конкурстың нәтижелері жойылды.
Оған тапсырыс берушілердің әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектей отырып, біліктілік талаптарын күрделендіру фактілері негіз болды.
Бұған мысал ретінде Теміртау әкімдігінің жол учаскесінде газ құбырын салу кезеңінде автожолдарды орташа жөндеу бойынша 141 млн теңгегежариялаған конкурсының тоқтатылуын келтіруге болады.
Басқа жағдайда, "Қарағанды құрылыс бөлімі" ММ авансты ұстамауына байланысты, прокуратура енгізген ұсынуға сәйкес бюджетке мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша 396 млн теңге қайтарылды, - деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.
Барлық бұзушылықтар жойылып, құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл жұмыс ерекше бақылауда және жалғастырылатын болады.