Қазақстанның соңғы жаңалықтары

34 жастағы шымкенттік әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

1 Желтоқсан 2024, 15:19
710
Бөлісу:
 Архив BAQ.KZ
Фото: Архив BAQ.KZ

Шымкентте 34 жастағы келіншек оныншы сәбиін дүниеге әкелді. Айы-күні жеткен нәресте Шымкент қалалық перинаталды орталықта дүние есігін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1990 жылы туған Әзиза Қалиева ұлын кесарь тілігі арқылы босанды. 27 қараша күні өмірге келген нәрестенің салмағы – 4900 грамм.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір сәби мен оның анасының жағдайы жақсы.

Шымкент перинаталды орталығында жыл басынан бері 7 517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 707 нәресте және 96 егіз мерзімінен бұрын туған.

Өзгелердің жаңалығы